23 жастағы атыраулық Сириядағы қарулы қақтығысқа қатыспақшы болды

23 жастағы атыраулық Сириядағы қарулы қақтығысқа қатыспақшы болды © Dw.de

23 жастағы атыраулық&nbspСириядағы қарулы қақтығысқа қатыспақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі&nbspАтырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығы тұрғынының еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды, үйленген. Сонымен қатар, оның бұған дейін де сотталғаны белгілі болды.

"Атырау қаласының №2 соты облыс орталығының тұрғынына қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сот санкциясын берді. Ол "Сириядағы қарулы қақтығысқа қатысу үшін бармақшы болды" деген күдікпен қамауға алынған", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, тергеу органдары оған қатысты ҚР ҚК 24-бабы 1-бөлігі және 172-бабы бойынша ("Шетелдік қарулы қақтығысқа қатысуға дайындалу") қылмыстық іс қозғады.

&nbsp
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама