08 ақпан 2022 10:48

25-тен астам жол апаты болды: Алматы полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Алматыда таңғы сағат алтыдан бері 25-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, 10 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы көктайғаққа байланысты жүргізушілерді сақ болуға шақырды.

"Таңғы сағат 6-дан бастап қаланың жоғарғы бөлігінде 25-тен астам жол-көлік оқиғасы болған, 10 апатта жарақаттанғандар бар. Жауын-шашын мен көктайғақ қаладағы жол жағдайын айтарлықтай қиындатқаны анық: жүріс баяулап, кептеліс байқалады. Осы факторлар қосылып, жалпы жол қозғалысы жағдайына кері әсерін тигізеді", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматыда бірден екі ірі жол апаты болғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды