14 маусым 2024 | 10:29

33 жыл құжатсыз өмір сүрген БҚО тұрғыны Оңтүстік Кореядан ұлын тапты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

33 жыл құжатсыз өмір сүрген БҚО тұрғыны Оңтүстік Кореядан ұлын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

33 жыл құжатсыз өмір сүрген БҚО тұрғыны Оңтүстік Кореядан ұлын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Гергий Ни 1953 жылы Алматыда дүниеге келген. 1958 жылы ол ата-анасымен бірге Қырғыз Республикасына, кейін Өзбекстан Республикасына, содан кейін Түрікменстанға көшкен. 37 жасында ер адам Отанына оралып, отбасын құрады, кейін ерлі-зайыпты ұлды болады.

Реклама
Реклама

Баласы 2 жасқа толғанда ол отбасын тастап, Батыс Қазақстан облысына жұмысқа кетеді. Мұнда ол далада малшы, бағбан болып уақытша жұмысқа орналасады. Біраз уақыттан кейін ол құжаттарын, туыстарымен байланысын жоғалтады.

2020 жылы танысы оған Орал қаласындағы қайта әлеуметтендіру орталығынан көмек сұрауға кеңес береді.

"Орталықтың мамандары оның өмірі туралы естіп, жұмыс істей бастады. Біз әртүрлі сауалдар жібердік, оның Қазақстан Республикасының азаматы екенін анықтау, нақтылау үшін шет мемлекеттердің әртүрлі мекемелеріне хаттар жібердік. Біздің мамандар жіберілген сауалға жауап алғаннан кейін ғана құжаттарды реттеу үшін Орал көші-қон полициясына жіберді", - деді қайта әлеуметтендіру орталығының басшысы Ерлан Медетов.

Суреттер: mgorod.kz

Көптен күткен құжаттарын алғаннан кейін Гергий Ни алғаш рет өзін адам ретінде, өз елінің толыққанды азаматы ретінде сезінгенін айтты. Орталық мамандары 33 жылдан кейін Оңтүстік Кореяда тұратын оның ұлын да тауып беріп, телефон арқылы сөйлестірді.

Енді ер адам денсаулығын жақсартуды жоспарлап отыр, өйткені бұрын құжаттарсыз оны ешбір жер қабылдамаған. Сонымен қатар, ол ұлын көргісі келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram