4 жастағы баланы анасының көзінше көтеріп алып қашты: Оралда есірткіге мас ер адам ұсталды

© gorodkiev.com

Оралда 25 жаста?ы ер адам 4 жаста?ы баланы ?рлама? болды. Т?пкі ойы белгісіз ер адам?а баланы? анасы мен ку?герлер б?гет болып ?ал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оралда 25 жастағы ер адам 4 жастағы баланы ұрламақ болды. Түпкі ойы белгісіз ер адамға баланың анасы мен куәгерлер бөгет болып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жедел іздеу шаралары барысында ер адам ұсталып, оның есірткі мен алкогольге мас екені анықталған. 

"102 пультіне шақырту түсті. Көкшетау көшесіндегі "Кулинария" дүкенінің маңында анасымен серуендеп жүрген баланы ұрламақ болды. Баланы көтеріп алып қашқан. Анасы мен куәгерлер айғай салған. Ол баланы тастай салып, қашып кеткен. Ойын іске асыра алмады. Кейін полицейлер оны ұстады", - дейді Оралдың ІІБ басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Бейсенов. 

Реклама
Реклама

Полицейлердің мәліметінше,  ер адам ұрлық пен тонау бойынша бірнеше рет істі болған. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында. Оның үстінен "Адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы осы оқиға туралы хабарлама таралып кетті. Ата-аналар осыған байланысты алаңдап, бір-біріне ескерту айтып жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама