05 қыркүйек 2020 | 15:01

9 минутта 12 заңбұзушылық: жол ережесін сақтамаған Land Cruiser жүргізушісі жауапқа тартылды

Видео кадры

Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында қарсы жолақта келе жатқан жол талғамайтын көлік жүргізушісін іздестіру жөніндегі жергілікті полиция қызметінің мамандары әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында қарсы жолақта келе жатқан жол талғамайтын көлік жүргізушісін іздестіру жөніндегі жергілікті полиция қызметінің мамандары әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Е. есімді ер адам, ол 19 жаста. Оның 30 тамызда таңертең жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Сейфуллин мен Мұқанов арасындағы аралықта, ол екі рет қарсы жолаққа шығып кетті. Белгісіз қаламын деген үмітпен жас жігіт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін көлік құралынан алып тастаған. Біздің бөлімнің қызметкерлері қаладағы бейнебақылау жүйелерін қолданып, қаскүнемдікті анықтады. жүргізушінің бағыттары анықталды. Тоғыз минут ішінде қозғалыс кезінде ол жол ережесін 12 рет бұзды", - деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерік Насырбеков.

Реклама
Реклама

Toyota Land Cruiser жүргізушісіне қатысты барлығы 12 әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бұзушылықтар үшін салынған айыппұл мөлшері 225 018 теңге. Шешім қабылдау үшін қарсы жатқан жолаққа шыққан өндірістік материалдары Алматы қаласындағы СМАС-қа жіберілді. Полиция өкілдері құқық бұзушылық бұл түріне көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастыратырылғанын ескертті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная