ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2023 | 14:33
Абай облысында 13 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза болды
Абай облысында 13 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Абай облысында 13 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.
Абай облысы Полиция департаменті мәліметінше, 6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жастағы жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қаза болған.
"Тексеру барысында оның себебі - жасөспірімдер арасында болған ауызша жанжал, арты төбелеске ұласқан.
Дерек бойынша ҚР ҚК-ның 99-бабына сәйкес соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.
ПД мәліметінше, жанжалдың қатысушылары анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша заңды процестік шешім қабылданады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің деректері жариялауға жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также