Абай облысында жоғалып кеткен орман шаруашылығы қызметкері өлі табылды

© instagram/abai_department_police

Абай облысында трактормен өрт сөндіруге шығып, жоғалып кеткен Сергей Архипов өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысында трактормен өрт сөндіруге шығып, жоғалып кеткен Сергей Архипов өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"️Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылған. Ол трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүргені айтылды.

Реклама
Реклама

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің деректері жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама