08 қыркүйек 2022 | 16:58

Абай облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Айдос Тоғызбаев.

Абай облысында өртсөндіруші қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Абай облысында өртсөндіруші қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

"Айдос өз ісінің маманы ретінде әріптестердің есінде мәңгі қалады. ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді. Абай облысы ТЖ департаментінің психологтары өрт сөндірушінің туыстарына көмек көрсетіп жатыр. 2022 жылдың 7 қыркүйегінде 13:35-те 112 кезекші пультіне Абай облысы Жарма ауданының Бозжыра ауылдық округі Бірінші ауылының учаскесінде құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілді. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті", - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Табиғи өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру автоцистернасы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының өрт сөндіруге су жеткізетін КАМАЗ (12 текше метр) су алған. Осы кезде жел бағытының өзгеруі салдарынан өрт автоцистернаға қарай аумақты шарпыды. Техникаға арналған эвакуациялау жолдары барлық жағынан отқа оранып, биіктігі екі метр қараған ағашы өртенді.

Өртсөндірушілер жағдайды бағалап, өрт-техникалық қару-жарақты жинауды тоқтатып, шұғыл эвакуациялауға кірісті. Автоцистерна мен КАМАЗ су тасымалдаушы көлігі толығымен жанып кетті.

Өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков пен өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев, өртсөндіруші-құтқарушы Нұрлан Салимжан түрлі дәрежедегі күйік алып, Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасына жатқызылды.

Өрт аумағы 500 гектарға жеткен, өрт 8 қыркүйекте сағат 5.40-та сөндірілді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 14 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Айдос қатты күйік алып, жарақатынан ауруханада көз жұмды. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасына ұсынылды. Айдос 36 жаста еді. Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет еткен. Оның артында әйелі мен 5 баласы қалды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ТЖМ мәліметінше, қызметтік міндеттерін атқару кезінде өртке қарсы және құтқару қызметтерінің 65 қызметкері қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная