Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді

Дина Шарипханова Корреспондент
Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна шөпті өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

Оқиға Ақсуат ауданындағы жергілікті тұрғындардың бірінің үйінде болды. Полицейлер шөпті екі бала өртеп жібергенін анықтады.

"Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ шөпті өртеп жіберген. Шығын көлемі 4 миллион теңге болады. Балалар келтірген залалды олардың заңды өкілдері қалпына келтіруі керек", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

"Егер балалардың қараусыз қалуы нәтижесінде өрт біреуге зиян келтірген болса, онда ата-аналар бұл үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беретінін есте ұстаған жөн".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама