Абай облысындағы орман өрті оқшауланды - ТЖМ

Абай облысындағы өртті сөндіру ТЖМ баспасөз қызметінің фотосы

Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында шыққан өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өрт Бородулиха филиалына қарасты Камышенка орман шаруашылығының аумағында тұтанған.

Бұл туралы хабарлама ТЖМ Telegram-арнасында сағат 10:13-те пайда болды.

Жарнама
Жарнама

Ведомство өртті сөндіру жұмыстары мен құтқарушылардың әрекеті бейнеленген видеоны да жариялады.

"Семей орманындағы" өрт

Бұған дейін өртті сөндіруге тікұшақтар мен ұшақтар, соның ішінде Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациясы жұмылдырылған еді.

Тілсіз жауға байланысты балалар лагерінен 200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты жіберді.

ТЖМ бұған дейін өрт аумағындағы ашық жану ошақтары жойылғанын мәлімдеген.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама