09 маусым 2023 17:11

Абай облысындағы өрт: орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілген

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Абай облысындағы алапат өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы алапат өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, орман шаруашылығының 14 қызметкері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 маусым премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі Төтенше жағдайлар министрі Ахуалдық орталығының базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізді.

Отырыс барысында оқиға орнынан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр генерал-майор Марат Күлдіковтің баяндамалары тыңдалды.

Реклама
Реклама

9 маусымда сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамның 662 адамы және 177 техникасы, 6 тікұшағы жұмылдырылғанү

Авиациялық техникамен 192 тонна көлемінде 80 рет су шашылды. Қазіргі уақытта орман шаруашылықтарының 14 қызметкерімен байланыс үзілген. Оларды іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласы және Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 133 адам және 48 техника, сондай-ақ, 4 тікұшақ мөлшерінде күштер мен құралдар топтамасын қосымша жіберу туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram