Абай шахтасында жарылыс болды: 6 адам қаза тапты

Иллюстрациялық сурет - Тұрар Қазанғапов

Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы болды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды әкім Facebook-те.

ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.  
Төтенше жағдайды жоюға "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 техника) күштері мен құралдары жұмылды.

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама