ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2022 | 15:34
"Адам өте көп". Желіде Шымкентте өтпей қалған концерттің видеосы тарады
Желіде Шымкентте халық көптігіне байланысты өтпей қалған концерттің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде Шымкентте халық көптігіне байланысты өтпей қалған концерттің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Белгілі блогер Дәулет Мұқаев та Instagram-парақшасында Шымкентте өтпей қалған концерт туралы жазды.
"Шымкентте тегін концерт болмақ еді... Сөйтіп, концерт болмай қалды. Себебі адам өте көп. Тегін нәрсенің қадірі жоқ деген осы", - деді ол.
Видео Instagram-дағы shymkent.online парақшасында да жарияланған. Онда концертке жиналған халықтың қарасы көп екенін көруге болады.
"Шымкентте кеше тегін концерт өтуі керек еді, бірақ бәріне орын жетпеді. Адамдар қысылып, есіктерді сындыра бастады. Осыған байланысты концерт өткізілмеді", - делінген видеода.
Желі қолданушылары бұл қайырымдылық мақсаттағы тегін концерт екенін жазған. Алғашында әл-Фараби алаңында өткізілуі керек болған екен. Алайда пікір білдірушілердің айтуынша, күн бұзылып, Түркістан сарайына ауыстырылған. Ал онда 1500 адамға ғана орын бар. Үлгермегендер осылай жанжал шығарған.
Көпшілігі бұл жағдайға қатысты жағымсыз пікір жазған:
Жабайылар, тегін болса болды.
Бұл жабайылық емес, біздің мәдени болашағымыз.
Ұятын-ай.
Бәрі әдеттегідей, мүлде таңғалмаймын.
Тегін деген жақпайды біздің халыққа
Бізде бәрі концертті жақсы көреді, әсіресе, тегін болса!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также