Адамдар мінген көлік Ертіске құлап кетті. Тірі қалған жалғыз адам қайғылы оқиғаның себебін ашты

видео кадры

Семейдегі қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Көлік Ертіс өзеніндегі жардан құлап, суға батып кеткен еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Abainewskz-ке сілтеме жасап.

Семейдегі қайғылы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Көлік Ертіс өзеніндегі жардан құлап, суға батып кеткен еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Abainewskz-ке сілтеме жасап.

Бастапқыда полиция оқиға себебі жарыс болуы мүмкін деген болжам айтқан. Алайда, көліктен шығып үлгеріп, жалғыз аман қалған адамнан жауап алғаннан кейін, қайғылы жағдайға тежеуіш пен газ педальдарын шатастыру себеп болғаны анықталды.

"Полиция мәліметінше, оқиғаға көлік құралын басқару ережесінің бұзылуы себеп болған. Қайғылы жағдай тежеуіш пен газ педальдарын шатастырудан туындаған", – деп хабарлады Абай облысы ПД.

Реклама
Реклама

Көліктің ішінде төрт адам болғаны анықталды. Бір жігіт пен қыз көліктен шығып үлгерген, алайда қызды өзен ағысы алып кеткен. Кейінірек оның денесі оқиға орнынан шамамен 11 шақырым жерде, бірінші ықшам аудан маңынан табылған. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы әлі табылған жоқ, олардың іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама