ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қараша 2018 | 18:37
"Адем" сауда орталығында өрт: Биіктен түсірілген видео жарияланды
Бүгін түсте Алматы барахолкасындағы "Адем" сауда орнының артындағы қоймалардан өрт шыққаны туралы хабарланды. Өрт Жетісу ауданы Москвин көшесінде сағат 13.41-де шыққан. Өрттің қалай басталғаны және осы уақытта қандай шаралар істелгені туралы Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан біліп қайтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін түсте Алматы барахолкасындағы "Адем" сауда орнының артындағы қоймалардан өрт шыққаны туралы хабарланды. Өрт Жетісу ауданы Москвин көшесінде сағат 13.41-де шыққан. Өрттің қалай басталғаны және осы уақытта қандай шаралар істелгені туралы Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан біліп қайтты.
© Tengrinews.kz
"Мен осы жерде жұмыс істеймін. Неше түрлі тауар сақтаймыз. Бізге кішкентай бір бала жүгіріп келіп, өрт шыққаны туралы хабарлады. Біз қолымызға өрт сөндіру құрылғыларын алып, арпалыса бастадық. Алайда өрт одан ары өрши түсті. Осыдан кейін өрт сөндіру қызметін шақырдық", - деді Ерлан Жұрабаев.
Фото ©Tengrinews.kz
Жалға алушылардың бірі өрт салдарынан 70 миллионның тауары бүлінгенін айтады.
"Меде ыдыс-аяқ қоймасы болатын. Қандай залал? 70 миллион теңге жанып кетті. Бізді ол жаққа жібермей жатыр. Бізге өтемақы беріле ме? Біз жалға алу келісімшартына қол қойдық, қазір үйге барып, барлық пунктерін ақтарамын", - дейді Бақыт тәте.
Оның айтуынша, бұл қоймаларда ол тауарын бір жыл бойы сақтап келген және бұл бірінші жағдай.
© Tengrinews.kz
Өртенген қоймалардың жанында орналасқан кеңседе жұмыс істейтін жігіт қоймалардың күзетілетінін айтады.
"Күзет бар. Алайда қоймада адамдар отырмайды. Тауар келеді - осында тастайды - қойманы жабады. Түнгі уақытта барлығы жабық болады. Бейнебақылау камералары орнатылған. Барлығы қалай басталғанын ешкім де көре алмаған шығар", - дейді Владимир.
Куәгерлердің айтуынша, қоймаларда ыдыс-аяқтан басқа басқа да тауарлар болуы мүмкін: жиһаз, пеш қондырғылары.
© Tengrinews.kz
Место происшествия оцеплено полицейскими. Кроме сотрудников экстренных служб, к территории складов близко никого не подпускают. Между тем огонь со складских помещений перешел на кровлю административного здания.
Полицейлер оқиға орнын қоршауға алды. Өрт сөндірушілер мен полицейлерден басқа, мұнда ешкімді жібермейді. Сонымен қатар, қоймадағы өрт әкімшілік ғимараттың шатырына көшкен.
Фото ©Tengrinews.kz
Алғашқы өрт сөндіру қызмет оқиға орнына бес минут ішінде жетті. Өрт шалған аумақ әзірше белгісіз.
"2018 жылдың 1 қарашасында сағат 13:41-де Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне қоймадан өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 13:46-да жетті. Өрт шыққан орынға өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары өрт деңгейіне байланысты қосымша жұмылды", - деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Показать комментарии
Читайте также