Ағашқа соғылған: Алматыда жол апатынан төрт адам қаза тапты

Фото:depositphotos.com

Алматыда, 27 маусымда Медеу ауданында адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апатынан көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, оқиға таңғы сағат 02.20 шамасында болған.

"Lada жүргізушісі ҮАК бойымен шығыс бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне шығып, ағашқа соғылған. Апат кезінде көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза болды, дене жарақатын алған тағы бір жолаушы қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді", - деді ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Көліктегілердің барлығы Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғындары.

"Төрт адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп қосты полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама