Аягөз-Семей тасжолында автобус өртеніп кетті

видеодан үзінді

Аяг?з-Семей тасжолында автобус ?ртеніп кетті, - деп хабарлайды "Устинка Live". О?и?а 2018 жылды? с?уірді? 1-нен 2-не ?ара?ан т?ні Жарма ауданында к?лікті? б?зылуынан кейін бол?ан. 

Аягөз-Семей тасжолында автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды "Устинка Live". Оқиға 2018 жылдың сәуірдің 1-нен 2-не қараған түні Жарма ауданында көліктің бұзылуынан кейін болған. 

Рейстік автобус Аягөзден Семейге бара жатқан. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

"Жолаушыларды басқа автобусқа отырғызып, оларды Семейге жеткізді. Жүргізушілер автобусты жөндеу үшін қалған. Аягөзге қайтқанда көлікте от шыққан. Жақын жердегі өрт сөндіру қызметі 70 шақырым жерде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, автобус толықтай өртеніп кеткен", - делінген ведомствохабарламасында. Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама