Air Astana ұшағының қозғалтқышы істен шығып, Алматыға шұғыл қонды

© Instagram/@air_astana_official

Air Astana ?уе компаниясыны? КС672 рейсімен Астана - Алматы ба?ыты бойынша ?шып бара жат?ан ?ша?ыны? ?оз?алт?ыштарыны? бірі істен шы?ып, ш??ыл ?ону?а м?жб?р болды, - деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz тілшісі Алматыны? халы?аралы? ?уежайыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Air Astana әуе компаниясының КС672 рейсімен Астана - Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшағының қозғалтқыштарының бірі істен шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz тілшісі Алматының халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"7 наурызда Air Astana әуе компаниясының Астана - Алматы бағытындағы Боинг 757-200 ұшағы қозғалтқышы істен шыққандықтан, қонуға рұқсат сұрады. 11:00-де ұшақ Алматы әуежайына қонды. Ұшақ бортында 72 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болды", - делінген хабарламада. 

Ешкім зардап шеккен жоқ. Компания өкілдері болған жайттың мән-жайы туралы айтып берді.

Реклама
Реклама

"Әуе компанияның Астана - Алматы бағытындағы "Боинг-757" ұшағы 2017 жылдың 7 наурызында экипаждың техникалық себептермен сол жақ қозғалтқышын өшіргеннен кейін, штаттық режимде қонды. Экипаж халықаралық қауіпсіздік процедураларының бәрін орындады. Қазір әуе компаниясы тергеу жүргізіп жатыр", - делінген әуе компаниясының ресми хабарламасында.

Еске салайық, Air Astana әуе компаниясының Алматы - Орал бағытындағы ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама