07 желтоқсан 2023 11:41

Әкімдік жүргізушісі мас күйде жол апатына ұшырады: ер адам қамауға алынған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстанда әкімдік жүргізушісі мас күйде көлікті бағанаға соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда әкімдік жүргізушісі мас күйде көлікті бағанаға соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, 4 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық округтердің бірінде әкімнің жүргізушісі мас күйінде жол көлік оқиғасын жасаған. Ер адам тізгінге ие бола алмай, бағанаға соғылған.

Реклама
Реклама

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық шығын келтіріліп, келтірілген залал өтелді", - деп хабарлады жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, ер адам жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram