24 маусым 2019 11:41

Әкімдіктің бірінші хабары: Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Видео кадрынан

Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2019 жылдың 24 маусымында 09:20-да өртсөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы №44856 әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түскен. 

Реклама
Реклама

Жарылыс болған жерге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 өрт техникасы, сондай-ақ Шымкенттен 4 техника, жеке құрамның 23 адамы мен 1 кинологиялық топ жұмылған.

"Қазіргі уақытта өрт сөндіру және эвакуация жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, зардап шеккендер жайлы ақпараттар бар. Қазіргі сәтте облыс әкімінің бастауымен жұмыс тобы құрылды", - деп хабарлады әкімдіктегілер. 

Естеріңізге салсақ, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. 

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram