10 мамыр 2019 | 09:23

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

Дина Муратова Редактор

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бұл оқиға 9 мамырда сағат 18.30 Петропавл - Нұр-Сұлтан жолында Кокшетаудан үш шақырым қашықтықта болған. Toyota Land Cruiser автокөлігі жол бойында тұрған асфальттөсегішке соғтығысқан. "1974 жылғы көлік жүргізушісі Ақмола облысы әкімінің орынбасары болған. Ол оқиға орнында қаза тапты. ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 бөлімі бойынша сот өндірісі басталды", - деді баспасөз өкілдері.

Реклама
Реклама

Нұркенов Жомарт Жұмағалиұлы, 1974 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» өндiрiстiк кооперативiнде мал дәрiгерi болып бастаған.

1998 — 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлiгi Ақмола облысының аумақтық басқармасында жауапты қызметтер атқарды.2012-жылдың ақпан айынан бастап 2013 жылдың маусым айы аралығында Ақмола облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы қызметiнде болды. 2013 жылдан бастап 2018 жылдары аралығында Атбасар ауданының әкiмi, Аршалы ауданының әкiмi,Ақмола облысы әкiмi аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлiгi Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетiнiң төрағасы лауазымдарын атқарды.

2019 жылғы сәуiрде Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная