ПОДЕЛИТЬСЯ
29 шілде 2020 | 11:06
Ақмола облысында 3 бала өрттен қаза тапты
Атбасар ауданы Хрящева ауылында үй өртеніп, 3 бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атбасар ауданы Хрящева ауылында үй өртеніп, 3 бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таңғы сағат 5.19-да жер үй өртене бастаған. Өрт 100 шаршы метрді шарпыды.
"Үйде 7 адамнан тұратын көпбалалы отбасы болған: ата-анасы 1979 және 1981 жылдары туған, ал 5 ұл бала 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары дүниеге келген әрі 2012 жылғы қыз бала бар. Жақын маңдағы мамандандырылған №4 өрт сөндіру бөлімі 25 шақырым жерде орналасқан. Өрт сөндірушілер келгенше үйдің иесі 2004 және 2012 жылы туған баласы мен әйелін өрттен алып шыққан", - делінген хабарламада.
Өрт толығымен таңғы сағат 08.25-те сөндірілген. Оқиға орнынан 3 баланың мәйіті табылған.
"Әкесінің айтуынша, оны таңғы сағат 5-те ұлы оятқан. Ол үйдің дәлізі өртеніп жатқанын айтқан. Ер адам үйдің терезесін сындырып, 2 баласы мен әйелін сыртқа алып шығыпты. Үй тез өртенген. Себебі, ол тез жанатын материалдан салыныпты. 3 баланы құтқару мүмкін болмады", - делінген хабарламада.
Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. Өртті сөндіруге 12 маман және 2 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, 3 техника мен 3 адам өрт сөндірушілерге өз еркімен көмектесіпті. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также