18 сәуір 2021 | 11:08

Ақмола облысында жүк көлігі балшыққа батып кетті: жүргізуші қаза тапты

Видеодан алынған кадр

Ақмола облысында жүк көлігі балшық шұңқырға батып кетті, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында жүк көлігі балшық шұңқырға батып кетті, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жазатайым оқиға 16 сәуірде Шортанды ауданында Бектау ауылының маңында болған. Ауыл жолына еріген қар суының тасуы салдарынан автожолдың бір бөлігі шайылып кеткен.

Реклама
Реклама

"Shaanxi-MAN көлігін басқарған жүргізуші қиыршық тас зауытына бара жатқанда батпаққа батты. Жүк көлігін бульдозер мен арқанның көмегімен тартып шығаруға тырысқанымен автокөліктің кабинасы су астына кетті. Содан кейін көліктің бүкіл жері жасанды суатқа батты. Салдарынан автокөлік жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Жүргізушінің денесі Нұр-Сұлтан мәйітханасына жіберілді. ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная