Ақмола облысында көлік пойызбен соқтығысты: қаза тапқандар бар

Әлеуметтік желі

30 қазанда түнде Степногорск-Заводский тасжолында жолаушылар мінген жеңіл көлік пойызбен соқтығысты. Апат салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 қазанда түнде Степногорск-Заводский тасжолында жолаушылар мінген жеңіл көлік пойызбен соқтығысты. Апат салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Audi B4 маркалы автокөлік үш бос цистернасы бар локомотив құрамымен бір жолды теміржол өткелінде соқтығысқан.

"Апат салдарынан оқиға орнында көлік жүргізушісі қаза болды, екі жолаушы ауруханада қайтыс болды, тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен Степногорск ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады полиция.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта тергеу аясында жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама