Ақмола облысында көліктер тиеген КамАЗ аударылып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Ақмола облысында көлік тасымалдайтын КамАЗ аударылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында көлік тасымалдайтын КамАЗ аударылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 21 қазанда "Екатеринбург – Алматы" автожолында болған.

"6 автокөлікті тасымалдап келе жатқан Mercedes Actros жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, көлік аударылып қалған. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйде болған. Ол апаттан кейін оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек көліктер зақымданды. Материалдық залал нақтыланады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, 33 жастағы жүргізушіге қатысты көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, ол апат орнынан кетіп қалған үшін ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Материалдар сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама