Ақмола облысында куәлігінен айырылған жүргізуші көлік жүргізгені үшін ұсталды

Фото:depositphotos.com

Зеренді аудандық сотының мәліметінше, бұрын куәлігінен айырылған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зеренді аудандық сотының мәліметінше, бұрын куәлігінен айырылған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың ақпанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқарғаны үшін (ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі) жүргізуші куәлігінен және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылған болатын.

Кейін сол басшы көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлік жүргізгені үшін (ӘҚБтК-нің 612-бабы, 3-бөлігі) тағы да сотқа тартылған.

Реклама
Реклама

Сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

Соттың шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама