13 ақпан 2020 10:09

Ақмола облысында өрттен бір отбасы қаза болды

© Хабар 24

Ақмола облысы Атбасар ауданы Покровка ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Онда жеке үй өртеніп, бір отбасы мүшелері тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Атбасар ауданы Покровка ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Онда жеке үй өртеніп, бір отбасы мүшелері тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Көз жұмғандардың біреуі - үш жасар бала. Өртсөндірушілер ауылға жеткенше, үйдің шаңырағы ортасына түскен.

Реклама
Реклама

"Ауыл әкімі құтқару қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып, шатыры ортасына құлап түсті. Аумағы - 150 шаршы метр. Өрт толық сөндірілгеннен кейін үйінді астынан үй иелерінің және кішкентай баланың денесі табылды", - дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма басшысы Денис Шелкоплясов.

Кешке тұтанып, артынан күшіне мінген өрт туралы көршілес ағайындарының бірі байқап әкімге хабарлаған. Хабар жетісімен жолға шыққан құтқару қызметі 47-41 жастағы ерлі-зайыпты мен оның үш жасар баласын құтқара алмады.

"Өрттің тым жылдам өршуіне - үйдің сабаннан соғылғаны да себеп болды", - дейді өрт сөндірушілер.

Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Белгілісі, ерлі-зайыпты екеуі талай рет арақ ішіп, жанжалдасуымен көзге түскен. Құқық қорғау органының қызметкерлері бірнеше рет профилактикалық кеңес өткізіп, ескерту де жасаған.  

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram