02 қаңтар 2020 09:49

Ақмола облысында төрт көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті

© Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бірден төрт көлік апатқа ұшыраған. Куәгерлер оқиға орнынан видео түсіріп, lnstagram желісінде таратқан.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана | Astana | Nur-Sultan (@astana.times) 1 Янв 2020 в 4:35 PST

Полиция жол апатының 1 қаңтарда 12:40-та Алматы - Екатеринбург жолының 1163-шақырымында болғанын айтты. 

"Hyundai Matrix көлігінің 1970 жылы туған жүргізушісі, Қарағанды тұрғыны қарсы беттегі жолға шығып, Mazda маркалы автокөлікпен соғысқан. Hyundai Matrix-тің артынан Нұр-Сұлтанға қарай бет алған Hyundai Accent пен Mercedes-Benz көліктері де апатқа ұшыраған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті адам зардап шекті", - деді Tengrinews.kz тілшісінің сауалына Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук. 

Полиция мәліметінше, зардап шеккендер - Mazda мен Hyundai Matrix жүргізушілері және жолаушылары. Олар Астрахань аудандық ауруханасына жеткізілді. 

Қазір апатқа қатысты сараптама жасалып, қылмыстық тергеу басталды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram