1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай
Реклама
Реклама

Ақмола облысында Toyota Camry КамАЗ-ға соғылып, үш адам зардап шекті

Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті. Оқиға 8 маусымда Аршалы ауданының аумағында Екатеринбург - Алматы автожолында болған, -

Фото: ІІМ

Ақмола облысында жол апатынан үш адам зардап шекті. Оқиға 8 маусымда Аршалы ауданының аумағында Екатеринбург - Алматы автожолында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Болжам бойынша Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін сақтамай, бір бағытта кетіп бара жатқан тіркемесі бар КамАз-ға соғылған.

Реклама
Реклама

Салдарынан үш адам, яғни жүргізуші мен жеңіл көліктің екі жолаушысы зардап шекті.

Полиция қызметкерлері жол жүру ережесін мүлтіксіз сақтауды, шаршаған күйде көлік құралын жүргізбеуді және көлік құралын жиі тексеріп тұруды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!