Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған әйел мен ер адам табылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен екі тұрғынның орналасқан жері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен екі тұрғынның орналасқан жері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 қарашада Есіл ауданының полиция бөлімінен ер адам көмек сұрады. Ол полиция қызметкерлеріне өзімен бірге тұратын әйелі хабарсыз кеткенін айтып, іздеуге жәрдемдесуді өтінген.

Әйел 6 қарашада үйден белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ 22 қарашада полицияға Атбасар ауданының тұрғыны ағасының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. 8 қарашада ол өзінің пәтерінен сыртқа шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткен.

Полиция қызметкерлері жоғалған адамдардың екеуінің де орналасқан жерін анықтады.

Ақмола облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын өздерінің жоспары туралы әрқашан туыстары мен жақындарына хабарлап отыруға үндеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама