ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2023 | 15:39
Ақмола тұрғыны YouTube-тағы жарнамаға сеніп, ақшасынан айрылып қалған
Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға алданып, миллиондаған ақшасынан айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға алданып, миллиондаған ақшасынан айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
37 жастағы ауыл тұрғыны криптовалюта алып, қайта сатудан ақша табуға уәде берген қаржы компаниясын YouTube-тан көріп қалған. Ер адам бірнеше сілтемені басқаннан кейін, оған бірден алаяқтар хабарласқан.
Олар қаражат салып инвестициялау арқылы компаниядан дивидендтер алуға болатынын айтады. Бастапқыда ауыл тұрғыны көлік сатып алуға алған несиенің екі миллион теңгесін аударған. Содан кейін бір ай бойы алаяқтар жәбірленушіге үнемі қоңырау шалып, оның шотына пайыздар есептеліп жатқанын, бірақ оны да көбейтуге болатынын айтып сендіреді.
Оларға сенген ауыл тұрғыны тағы да төрт несие алып, туған-туыстарынан қарызға ақша алып, жеке жинаған ақшасын түгел салады. Қылмыскерлердің әрекетінен келген шығын 8,7 миллион теңге болған.
4 қазанда ауыл тұрғыны полицияға арыз жазған. Бұл факт бойынша соталды тергеу амалдары басталып, жедел іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также