17 маусым 2020 | 09:27

Ақмолалық келіншек сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап жатыр

© astanatv/видеодан алынған кадр

Ақмолалық келіншек сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмолалық келіншек сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, елордадағы аймақтық №2 көпсалалы ауруханадан шу шықты. Сәбиінен айрылған Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғыны дәрігерлер айыптап жатыр. 37 жастағы келіншектің айтуынша, медициналық тексеріс кезінде дәрігерлер іштегі сәбидің жағдайы қалыпты екенін айтқан. Алайда толғағы келген әйелге ота жасалыпты. Бірақ нәресте шетінеп кеткен. 

Реклама
Реклама

4 сағат бойы отаны бастамай, тек әйелден қан кете бастағанда ғана шара қолдана бастаған дейді телеарна тілшілері.

"12-ге 10 минут қалғанда кіргізген. Кіргізген себебі ол кісіде қан кетті дейді. Неге 4 сағат бойы қан кеткенше, последний моментке дейін жеткізді? Неге сол уақыт аралығында операцияға кіргізбеді? Біз соған қынжыламыз", - дейді келіншектің туысы Сайрангүл Кенжей.

Ал баласын айырылған Алтынгүл Тоқтасынның айтуынша, дәрігерлердің салғырттығынан оған кесарев тілігін жасатуға тура келген.

"Кесарев тілігіне кірген кезде де балам қозғалып тұрған. Мен оны наркоз берсе де біліп жаттым. Баланың даусын да естідім. Одан кейін білмей қалдым. Оянған соң бір-ақ естідім. Мен не болса да мені босандырған мұрты бар шалдан көремін бәрін. Соны кінәлаймын", - дейді келіншек.

Ал дәрігерлердің айтуынша, баланы анасының өзі босануына мүмкіндігі болғандықтан, біраз күтуге тура келді.

"Өкінішке қарай, іштегі сәби өлі туды. Науқас бізге жедел жеткізілген болатын. Алайда бала кері келген. Бұл жағдайда дәрігер өзі шешім қабылдайды. Баланы анасының өзі босануына мүмкіндігі болғандықтан, біраз күтуге тура келді. Бірақ қан кете бастағандықтан бірден ота жасауға кірістік. Ішке қан кетіп, бала демігіп қалған", - дейді аймақтық көпсалалы аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Айгүл Қажығаппарова.

Енді, телеарна мәліметінше, таяуда тексеріс қорытындысы шыққан соң сәбидің шетінеп кету себебі анықталады. Арнайы комиссия құрылады дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная