02 тамыз 2023 | 09:17

Ақмолалық тұрғын ардагерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақмолалық тұрғын ардагерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жамсап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмолалық тұрғын ардагерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жамсап.

Ақмола облысы Полиция департаменті Бурабай аудандық полиция бөлімінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Бурабай курорттық аймағының аумағында бопсалаумен айналысқан жігітті ұстады.

"6 шілдеде Бурабай аудандық полициясының кезекші бөліміне 64 жастағы ер адамнан 3 шілдеде Щучинск қаласында 100 мың теңге сомасында қаражат бопсалағаны туралы арыз келіп түсті. Нәтижесінде жәбірленуші күдіктіге ақшаны бөліктеп берген. Ер адам адамдарды тасымалдаумен айналысады. Ол өзі ардагер–интернационалист. 3 шілдеде ол шақыруға келгенде, белгісіз адамдар көліктің салонына секіре кіріп, олардың бірі күш көрсетіп, қауіп төндіріп, ақша талап ете бастаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі ("Бопсалау") бойынша соталды іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер Щучинск қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады.

"Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Жігіт өз кінәсін мойындады. Ол оған ақша керек болғанын және жәбірленушіден алған барлық қаражатты өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. Полиция қызметкерлері осы аумақтағы осындай қылмыстық әрекеттерден зардап шеккендердің барлығынан полицияға хабарласуды сұрайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная