07 қазан 2021 | 09:02

Ақсайда ер адам букмекерлік кеңсені өртемек болған

Иллюстрация: pixabay.com

Ақсайда букмекерлерік кеңсені өртеп жібергісі келген ер адамды полицейлер  тоқтатып үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақсайда букмекерлерік кеңсені өртеп жібергісі келген ер адамды полицейлер  тоқтатып үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақсай қаласындағы Железнодорожная көшесінде болған. Букмекерлік кеңсеге келуші ашуланып, қызметші қыздан ақша талап ете бастаған. Ақша ала алмаған ол тез жанатын сұйық төгіп, ғимаратты өртеуге оқталған. Сол жерде тәртіп сақшылары оны ұстай алған.

"Оқиға маңында қызметін өтеп жүрген полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының ("Бұзақылық") 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная