20 қазан 2021 09:31

АҚШ-та жолаушылар ұшағы құлады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

АҚШ-тың Техас штатында бортында 21 жолаушы бар ұшақ апатқа ұшырады, бір адам зардап шекті. Бұл туралы Жергілікті Сlick2Нouston телеарнасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

McDonnell Douglas DC-9-87 Брукшир ауданы (Уоллер округі) әуежайындағы ұшу-қону жолағының соңында биікке көтеріле алмады. Ұшақ қоршаудан шыға бере құлаған.

Оқиға орнынан түсірілген видеода әуе кемесінің өртеніп, бөлініп кеткені көрінеді. Дегенмен жолаушылар мен экипаж эвакуацияланды, тек бір адам ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

KTRK телеарнасы ұшақтың Flair Builders жергілікті құрылыс компаниясының иесі Дж.Алан Кенттің атына рәсімделгенін мәлімдеді. Апат кезінде ол бортта болған.

McDonnell Douglas DC-9-87 екі қозғалтқышты реактивті ұшағында 172 орын бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram