26 наурыз 2022 | 09:18

"Ақша қайтарылмайды". Жолаушылар еш жағдай жасалмаған вагондарда үсіп қала жаздаған

Көрнекі сурет: railways.kz

Наурыз мерекесіне орай Нұр-Сұлтаннан Алматыға бет алған бір топ жолаушы, есігі жабылмайтын, тастай суық әрі қараңғы вагондарға тап болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Наурыз мерекесіне орай Нұр-Сұлтаннан Алматыға бет алған бір топ жолаушы, есігі жабылмайтын, тастай суық әрі қараңғы вагондарға тап болған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, оқиға 18-наурызда елордадан Алматыға шыққан №204 қосымша пойызда болған. Түнгі сағат 22:40-та вагонға отырған жолаушылар жарық жүрген соң қосылады деп ойлаған. Бірақ қара түнек жол бойы жалғасқан. Қатты суықтан вагонның жан-жағынан суық жел үрлеп, еденге мұз қатқан. Жолауылардың сөзіне, вагонда жағатын көмір де болмаған. 

"Вагон өте суық. Сырт киіммен ұйықтадық. Дәретхана даладағыдан бетер лас әрі суық. Жарық жоқ. Түнде тас қараңғы. Біз билетті бір ай бұрын сатып алдық. Бағасы мен вагонның жағдайы мүлдем сәйкес келмейді. Қазіргі кезде осындай тозығы жеткен вагондар жүреді деп ойламағам. Тіпті көмір жоқ. Мерекелік көңіл-күйімізді бұзды. Билет құнын қайтарып, моралдық өтемақы төлесін", - дейді жолаушы Сәния Құрбанова. 

Реклама
Реклама

Пойыз басшысы Ұлжан Мамырова да бұл жағдайды растаған. Мереке кезінде вагон жетіспеушілігінен, қысқа еш дайындығы жоқ вагондар жолға шыққан.

"Менде қазір 19 вагон келе жатыр. Соның 3 вагоны осындай болып тұр. Үш вагонында жылуы кішкене нашар болып келе жатыр. Себебі қысқа дайындалмаған вагондар салқын болып жатыр. Вагонның сапасы өте төмен болып тұр", - дейді ол. 

"Қазақстан Темір Жолы" компаниясының өкілі Мәди Мұхаметқалидің сөзінше, еш жағдай жасалмаған вагондармен тасымалданған бұл жолаушыларға ақша қайтарылмайды. Мерекеде сұраныс күрт өскен соң, жолаушыларды діттеген жерге аман жеткізу басты мақсат болған. Бүгінде жолаушылар тасымалының базасында 2000-нан аса вагон бар. Оның ішінде зауыттан шыққанына 44 жыл болған вагондар да кездеседі. Мұндай санаттағы вагон саны 800.  

"Осы пойыз өз паркіне келгеннен кейін тексеріс жұмыстарын жүргіземіз. Егер тексеріс жұмыстарында қателіктер дәлелденіп жатса, арнайы шараларды қабылдайтын боламыз. Бірақ өтемақы заңнамада қарастырылмаған. Жолаушылар тасымалында пойыз кешігіп келген жағдайда ғана үш пайыз өтемақы төленеді", - дейді "ҚТЖ" өкілі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная