06 шілде 2021 13:47

Ақсуда полицей өлі табылды

Фото ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақсу қаласында полиция қызметкері асылып қалды. Павлодар облысының полиция департаменті полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақсу қаласында полиция қызметкері асылып қалды. Павлодар облысының полиция департаменті полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"5 шілдеде сағат 23.40-та Ақсу қаласында полиция майорының мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

"Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері соталды тергеу барысында анықталады", - деді Орымбаев.

Басқа мәліметтер әлі хабарланбады. 

Айта кетейік, "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабының санкциялары 3-5 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram