Ақтау әуежайында шетелге доллар әкетпек болған қазақстандық ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақтау әуежайында шетелге доллар әкетпек болған қазақстандық ұсталды Фото: Маңғыстау облысы шекара қызметі басқармасынан

Ақтау әуежайында Қазақстан азаматы декларацияланбаған валютамен ұсталды. Бұл туралы "Лада" басылымына Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық азамат Ақтаудан Грузияға декларацияланбаған 15 мыңнан аса долларды заңсыз алып кетпек болған. Ер адам қамауға алынды. Материалдар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылған.

"Мән-жайды анықтау барысында ұсталған азамат Қазақстаннан Грузияға бара жатқаны анықталды. 15 650 АҚШ доллары сомасындағы декларацияланбаған валютаны әкету әрекеті анықталды", - деді Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама