Ақтау-Жаңаөзен тасжолында бұршақ жауды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Ақтау-Жаңаөзен тасжолында бұршақ жауды Видеодан алынған кадр

6 мамырда кешке Ақтау-Жаңаөзен тасжолында бұршақ жауып, салдарынан көліктер бұзылған, - деп хабарлайды "Лада".

Куәгерлер жағдайды видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан бұршақтың диаметрі бір сантиметрден асатынын көруге болады.

Кейбір жүргізушілерге қозғалысты тоқтатуға тура келген. Сондай-ақ, кейбір жүргізушілер көліктері қалай бүлінгенін, әйнектері сынғанын, көліктің корпусын видеоға түсіріп алған.

Жарнама
Жарнама

6 мамырда Маңғыстау облысы аумағында күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланған болатын. Синоптиктердің болжамынша, Маңғыстауда жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама