10 сәуір 2020 | 13:01

Ақтау маңында КамАЗ жүргізушісі пойызға соғылды

Маңғыстау облысында КамАЗ бен тауар тасымалдаушы пойыз соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында КамАЗ бен тауар тасымалдаушы пойыз соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпаратты өңірдегі полиция департаменті растады.

Реклама
Реклама

"Аталған жол-көлік оқиғасы Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында 10 сәуірде таңғы сағат 9-да болған", - делінген ведомство хабарламасында.

Сурет: lada.kz

Ақпарат бойынша, КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін елемей, тауар пойызымен соқтығысып қалған. Зардап шеккендер жоқ.

Жүк автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы (көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама жазылды.

"Материал әкімшілік сотқа жіберіледі", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная