09 қыркүйек 2024 | 11:37

Ақтау - Мұнайлы тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды: үш адам өртеніп кеткен

видео кадры

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан көліктердің видеосы тарады. ТЖМ мәліметінше, оқиға Маңғыстау облысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан көліктердің видеосы тарады. ТЖМ мәліметінше, оқиға Маңғыстау облысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жол апаты Ақтау – Мұнайлы тасжолында болған.

"8 қыркүйекте сағат 15:35-те 112 кезекшінің пультіне ЖКО туралы хабарлама келіп түсті. Тасжолда Mitsubishi Montero жеңіл автокөлігі мен Камаз бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік толығымен өртеніп кеткен. Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері 16:19-да өртті сөндірді", - деп хабарлады министрлік.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, өртсөндірушілер мен құтқарушылар келген кезде көліктер өртеніп жатқан.

"Mitsubishi көлігіндегі өртті сөндіргеннен кейін үш адамның күйген денесі табылды. Екінші көлікте қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы әлі хабарланған жоқ. Оқиға орнына жеті адам және екі арнайы техника шықты", - деп толықтырды ТЖМ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр