Ақтауда 24 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Ақтауда 24 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті Иллюстрациялық сурет: pixabay.com

Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 15-шағынауданда болған. Куәгерлердің айтуынша, қыз 15-шағынаудандағы "Оазис" тұрғын үй кешенінің 15-қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткен.

Полиция департаменті 29 желтоқсанда сағат 17:58-де шақырту түскенін мәлімдеді. Марқұм 24 жаста екені айтылды.

Жарнама
Жарнама

Ведомство өкілі қазір осы дерек бойынша жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын айтты.

Бұған дейін Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кеткені хабарланды. Кейінірек қалалық полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсау дерегін растаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама