27 қыркүйек 2021 11:06

Ақтауда адам толы лифт істен шыққан

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: lada.kz

Ақтауда лифт шахтаға құлап кетті. Оқиға кезінде лифт ішінде адамдар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда лифт шахтаға құлап кетті. Оқиға кезінде лифт ішінде адамдар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 17-ықшамаудандағы Aktau Plaza тұрғын үй кешенінде 25 қыркүйекте кешкісін, сағат 19:30 шамасында болған. Жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Aktau Plaza тұрғындарының айтуынша, адам толы лифт істен шыққан. Лифт шахтаға бірінші қабаттан құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Адамдар бір-біріне көмектесіп, лифтен өздері шыққан.

Реклама
Реклама

Тұрғындар лифтке жауаптылар бұл жағдайды білетінін, бірақ ешқандай шара қолданбайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram