Кеше | 13:15

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында алты қазақстандық болған

видео кадры

Ақтауда құлаған ұшақта Қазақстанның алты азаматы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда құлаған ұшақта Қазақстанның алты азаматы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біздің мәліметтер бойынша, ұшақта 37 Әзербайжан азаматы, 16 Ресей азаматы, 6 Қазақстан азаматы және 3 Қырғызстан азаматы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жолаушы тірі қалған, барлығы ауыр жағдайда.

Айта кетейік, алғашқы хабарлар 11:20-да келіп түскен, сол кезде Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтауға жедел қону үшін сұраныс жасағаны туралы айтылды.

Реклама
Реклама

Грозный әуежайының баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, ұшақтың бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға қайта бағытталған.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі.

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды. ТЖМ тірі қалғандар бар екені туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная