22 желтоқсан 2021 | 09:15

Ақтауда әйелді қағып өлтірген Land Cruiser жүргізушісіне қатысты ақпарат белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Ақтауда кісі қағып өлтірген Toyota Land Cruiser көлігін әйел адам жүргізген. Алдын ала мәлімет бойынша, Маңғыстау Полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізуші сау болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда кісі қағып өлтірген Toyota Land Cruiser көлігін әйел адам жүргізген. Алдын ала мәлімет бойынша, Маңғыстау Полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізуші сау болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Полиция әлі де сараптаманың ресми қорытындысын күтіп отыр. Ведомство өкілі 29 жастағы әйел мен 5 жасар қызды қағып өлтірген жүргізуші 42 жаста екенін айтты.

Реклама
Реклама

Әйел қайғылы оқиға орнында, ал бала облыстық балалар ауруханасында қайтыс болғаны белгілі болды. Дәрігерлер қыздың өмірі үшін 1,5 сағат күрескенін айтты.

"Қыз өте ауыр жағдайда түсті: жабық бас сүйек-ми жарақаты, іш жарақаты, асқазан, бауыр, көкбауырдың жарылуы, ішке қан кету, геморрагиялық және травматикалық шок. Балаға шұғыл түрде ота жасалды. Көкбауыр алып тасталды, бауыр, асқазан тігілді. Қан құйылды. Бірақ жасалған шараларға қарамастан, баланы құтқару мүмкін болмады", - деді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Құрман Қайранов.

Astana TV арнасы әйел 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін нақтылады. 

Еске салайық, 20 желтоқсанда 16 және 19-шағынаудандар арасында қайғылы оқиға болғаны хабарланған болатын. Полиция 23.45-те қоңырау түскенін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная