Ақтауда балабақша маңында жанжал шығып, ер адам пышақ жарақатын алды

Фото:lada.kz

Ақтауда бірнеше ер адам балабақша маңында пышақтасқан. Оқиға 28 қаңтарда күндізгі уақытта №28 үйдің артында, "Дарын" жекеменшік балабақшаның маңында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзінше, 28 қаңтарда түскі уақытта айғай естілген. №28 үйдің артында үш ер адам төбелескені белгілі болған. Олардың біреуі пышақ ұстап тұрған. Ол қарсыласына бірнеше рет пышақ сұғып алған. Үшінші адам оларды ажыратуға тырысқан. Жараланған тұрғын сол жерде қалған, ал қолында пышағы бар ер адам бұрылып, кетіп қалған. Көршілердің сөзінше, ол - бірінші қабатта тұрады.

Оқиға орнына полиция келген. Артынша жедел жәрдем қызметкерлері де келіп, зардап шеккен ер адамды алып кеткен.

Реклама
Реклама

Төбелестен кейін балабақша маңы қан-жоса болған. Артынша ол жерге топырақ төгілген.

Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша соталды тергеу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама