02 шілде 2024 | 09:13

Ақтауда банк ғимаратында инкассатор өзін атып тастады

Фотоколлаж Tengrinews.kz, фото lada.kz

Ақтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор өзін атып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор өзін атып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Басылым WhatsApp қолданушылары оқиғаның 14-шағынауданда болғанын айтып хабарлама жолдап жатқанын жазады. Инкассатор 10 миллион теңгені ұрлап кетіп, артынан ғимараттың жертөлесіне жасырынған. Кейін қызметтік қарудан басына оқ атқан.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен арнайы жедел әрекет ету отряды қызметкерлері жұмыс істеп, жертөлеге кіретін есікті қоршауға алған. Марқұмның 1981 жылы туғаны нақтыланып отыр.

Реклама
Реклама

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"Ұрлық және өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша Ақтау Полиция басқармасы қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная