21 тамыз 2023 | 09:17

Ақтауда бес баланың әкесі мен 14 жастағы қыз суға батып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
© inaktau.kz

Ақтауда екі демалыс орнында қыз бен ер адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда екі демалыс орнында қыз бен ер адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жексенбіде, 20 тамыз күні болған. Жедел жәрдем дәрігерлерінің айтуынша, 14 жастағы қыз "Монтажник" демалыс базасында сағат 11:47-де қаза болған.

Екінші қайғылы оқиға кешкі уақытта "Бриз" демалыс орталығында болды. Сол жерде 36 жастағы ер адам суға батып кеткен. Желіде марқұмның бес баланың әкесі екені хабарланды. Ер адам суға түсіп, суға бата бастаған. Оқиға куәгерлері оны шығарып алып, есін жиғызбақ болған. Алайда, әрекеттер нәтижесіз болды - ер адам қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Екі жағдайда да суға батқан адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған. Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная