ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2022 | 13:26
Ақтауда бір топ жігіт полицеймен төбелесті
Ақтауда мекемелердің бірінде болған жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Lada.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда мекемелердің бірінде болған жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Lada.kz.
Видео әлеуметтік желілерде жарияланған, онда ер адамдардың төбелесіп жатқаны көрінеді. Сонымен қатар, кадрларда бір топ жас жігіттің полицейлермен айғайласып жатқанын көруге болады.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 мамырда сағат 23.10 шамасында Самал шағынауданындағы жағалауда, "Монако" мекемесіне қарама-қарсы болған.
Тәртіп сақшылары бұл деректің мектеп бітіруші түлектерге қатысы жоғын айтты.
"Аумаққа жауапты полицейлер дер кезінде жағдайдың алдын алды. Жастар ешқандай арыз жазбады. Олармен арада профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп қорытындылады ведомство өкілі.
Видеода бейәдеп сөздер бар!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также