Ақтауда жасөспірім теңізге батпақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақтауда жасөспірім теңізге батпақ болған Видео кадры: Маңғыстау облысы Полиция департаменті

Ақтауда полиция қызметкерлері суға батпақ болған жасөспірімді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтауда полиция қызметкерлері суға батпақ болған жасөспірімді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 11:09 шамасында теңіз жағалауында болған. Полиция қызметкерлеріне теңізге бет алып, айналасындағыларға мән бермеген жасөспірім туралы хабар түскен.

Маңғыстау облысы ПД мәліметінше, оқиға орнына дереу жеткен Ақтау Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны кідірместен жасөспірімнің артынан суға кірген. Олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды.

Реклама
Реклама

"Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сурет: Маңғыстау облысы Полиция департаменті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама